Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Бақсай каналы тазартылды

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында Жанбай ауылының тұсындағы Бақсай каналында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – каналдың экологиялық жағдайын жақсарту, су арнасының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның тазалығын сақтау болып табылады.

Тазалық жұмыстары барысында арнайы техникалар мен жұмыс күші жұмылдырылып, канал бойында жиналған тұрмыстық қалдықтар, қоқыс пен су өсімдіктері, сондай-ақ су ағысының еркін жүруіне кедергі келтіретін балдырлар тазартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде каналдың су өткізу қабілеті артып, су айналымының тиімділігі жақсарды.

Мұндай экологиялық іс-шаралар су нысандарының ластануын болдырмауға, табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтауға және санитарлық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және туған жердің тазалығына деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT