Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Конституцияның жаңа жобасына байланысты республикалық референдум басталды.
Миялы ауылындағы №145 учаскелік референдум да бүгін сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатында еліміздің әнұраны ойнап, аталған учаскелік референдум комиссия төрағасы Берік Бейсов сөз сөйледі. Оның айтуынша, мұнда 1287 сайлаушы тіркелген. Аталған учаскеде алғашқы дауыс беруші ауыл тұрғыны Қайрат Биғалиев. Ол референдумға қатысу азаматтық борышым деп біледі
Гүлмира МАҚСОТ


