Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіледі

 

Атырау облысы Әділет департаменті мемлекеттік органдардың қатысуымен азаматтарға құқықтық кеңес беруге бағытталған «Тегін заң көмегі» акциясын өткізеді.

Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша нотариус, адвокат және жеке сот орындаушысы тарапынан тегін кеңес беріледі. Мамандар азаматтардың сауалдарына жауап беріп, құқықтары мен заңнама талаптары бойынша қажетті түсіндірме ұсынады.

Іс-шара 2026 жылғы 13 тамызда сағат 11:00-де Мақат ауданы, Мақат кентіндегі Әлеуметтік кеңседе өтеді.

Азаматтар өз құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша акцияға қатысып, білікті мамандардан тегін құқықтық кеңес алуына болады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT