Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл жастары игі іске жұмылды

Құрманғазы ауданында ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» аясында ерікті жастар Әсия Туманшина әженің үйіне барып, шаруасына қолғабыс көрсетті.

Жастар аула тазалығына мән беріп, тұрмыстық жұмыстарға көмектесті. Бұл бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыру науқанымен де үндесіп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын насихаттады.

Ізгі іске атсалысқан жастар Әсия әженің ақ батасын алып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісін танытты.

Осындай қарапайым көмектен басталған игі істер қоғамдағы өзара қамқорлықты арттырып, тазалық пен жанашырлықты күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді.

Өз тілшіміз
Құрманғазы ауданы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT