Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл тұрғынының бағдары: МӘМС аясында медициналық көмекті қалай алуға болады?

Қазақстанда ауылдық елді мекендерде халықтың 38%-ы тұрады. Олардың басым бөлігі ресми жұмыс істеп, МӘМС-ке жалақыдан аударымдар мен жарналар төлейді. Кейбір азаматтар дербес төлеуші ретінде (айына 4250 теңгеден төлеп) сақтандырылған. Барлық сақтандырылған азаматтар төлеген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмектің қажетті көлеміне алуға құқылы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Әсел Нұғманова ауруды диагностикалау, дәрігер кеңесі немесе қымбат операция қажет болса ауыл тұрғындары  қайда жүгіну керектігін айтып берді.
 
Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетушілер 
 
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы 2026 жылы 10 медициналық ұйыммен алғашқы медициналық-санитарлық көмек (аудандардағы емханалар) көрсетуге шарт жасасты, оның 3-і жекеменшік.  Ауылдағы стационар қызметін 11 клиника көрсетеді, оның ішінде 7 – мемлекеттік және 4 – жекеменшік.
 
Барлығы учаскелік дәрігерден басталады  
 
Ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық көмек алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге бару керек. Әр елді мекенде дәрігерлік амбулатория немесе медициналық пункт болады. 
 «Қандай да бір ауырсыну болса, пациент алдымен учаскелік дәрігерге баруы керек. Дәрігер оның жағдайын бақылап, ем тағайындайды немесе бейінді маманның кеңесін алуға аудандық ауруханаға жолдама береді. Шұғыл жағдайда тұрғынды ауруханаға жедел жәрдеммен жібереді», – дейді Әсел Жалғасқызы. 
 
Бейінді дәрігерге қалай жазылуға болады?  
 
Пациент гастроэнтерологке жолдама алды делік. Енді ол дәрігер кеңесіне аудандық аурухананың тіркеу орнына қоңырау шалу арқылы немесе оның медициналық ұйымына енгізілген медициналық ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасы арқылы жазыла алады. Қарияларға бұл жағдайда ауылдық медбике көмектесе алады.  
Егер пациент МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушы болса, қабылдауға жазылып, ары қарай диагностикадан өтеді. Оның қорытындысы бойынша, ем тағайындалып, қажет болса, операцияға жіберіледі. Бұл жағдайда қажет тексерілулер кешені жүргізіледі. Дәрігер пациентті Емдеуге жатқызу бюросы арқылы тіркеп, ота жасалатын күн таңдалады.
 
Аудандық ауруханада қажетті медициналық қызмет болмаса не істеу керек?
 
Қандай да бір бейінді маман немесе қажетті диагностикалық қызмет болмаған жағдайда пациентті қалаға, аурухамен бірлесіп орындау шарты бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымға жібереді. Сондай-ақ, азаматтар Қордың деректер базасында тұратын және МӘМС бойынша көрсетілетін керек қызметтерді, клиниканы өздігінен таңдай алады. 
  Бұл ретте оған шарттың жоқтығына сілтеме жасай отырып, жолдама беруден бас тартуға құқығы жоқ. Себебі шарт жазбаша жолдама мен көрсетілген қызмет негізінде автоматты түрде толтырылады.
 Қор сарапшысының айтуынша, аудандардың орталық ауруханалары мен емханалары әдетте ультрадыбыстық және рентгендік жабдықтармен толық жабдықталған, толыққанды зертханалар жұмыс істейді. КТ және МРТ аппараттары  қалалық клиникаларда ғана бар, сондықтан ауыл тұрғындары бұл тексерулерге қалаға жіберіледі. Пациент жолдама алған соң, қажетті клиникаға қоңырау шалып, МӘМС аясында диагностикаға жазылады. 
 
Жүкті әйелдерді бақылау қалай жүргізіледі?
 
Дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерде     зертханалар жұмыс істейді. Жүкті әйелдер онда барып анализдер тапсыра алады. Олар жергілікті акушердің бақылауында болады. Ал акушер болмаған жағдайда, аяғы ауыр әйелдер ай сайын аудандық ауруханаға жоспарлы түрде барып, қажетті тексерулерден өтеді.
«Егер шұғыл медициналық көмек керек болса, әйел жедел медициналық көмекті шақырады. Олар қажет деп тапса, аудандық ауруханаға жеткізеді» - деп тоқталып кетті филиал директоры Ә. Нұғманова. 
Егер медициналық көмек алу бойынша тағы сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы « Пациенттерді қолдау» қызметіне жүгіне аласыз.   
Келесі байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш қалдырып, «сақтандырылған» мәртебесін тексеруге болады:  
•   fms.kz ресми сайты,
•   1414 байланыс орталығы,
•    Qoldau 24/7мобильді қосымшасы
• Telegram-дағы SaqtandyryBot.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT