29 қараша күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімдігі, аудандық полиция бөлімі және «Қызылқоға Сервис» КМК қызметкерлерінің бірлесуімен рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл ішіндегі көшелер мен қоғамдық орындарда қозғалысқа кедергі келтіретін заттарды ретке келтіру, көше бойына түрлі бөгеттер мен кедергілер қоймау жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – ауыл көшелерінің тазалығы мен тәртібін сақтау, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын аумақтардың еркін әрі қолайлы болуына жағдай жасау.
Тазалық пен тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы бағыттағы рейдтік және түсіндіру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.
Кәмшат ӘБІШ




