Атыраулық байкерлер Жаңа Конституцияның қабылдауына байланысты референдумда таңдауын жасады. Олар Абай орталығындағы №275 референдум учаскесінде дауыс берді. Бұл учаскеде 1778 адам тіркелген. Қазір оның 42,35 % дауыс берді.
Референдумда дауыс беру таңдау емес, міндет деп есептеймін. Жаңа Конституция қабылдау үлкен тарихи сәт, алдағы бірнеше жылдықта сол заңмен жүретін болғандықтан. Маңызды шешім, оған әрбір қазақстандық өз пікірін білдіру керек, - деді «Wheels Brothers» мотоклубының президенті Олег Шмаль.
Учаскеде жеті комиссия мүшесі мен бес бақылаушы жұмыс істеп, референдумның ашық әрі заң талаптарына сай өтуін бақылауда.


