Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауға Италиядан акушерия және гинекология профессоры Тулио Ги келді

Италиялық профессор Тулио Ги Атырау дәрігерлеріне перинаталдық диагностиканың заманауи әдістерін үйретуде. Жергілікті мамандар ұрықтағы туа біткен даму ақауларын ерте анықтау және генетикалық зерттеулердің озық тәсілдерін меңгеруде, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Халықаралық оқу курсына Атырау облысындағы 30-ға жуық ультрадыбыстық диагностика дәрігері қатысып жатыр.

– Оқыту барысында ұрықтың миы, жүрегі және басқа да ағзаларындағы туа біткен ақауларды жатырішілік ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтау әдістері қарастырылады. Сонымен қатар ұрықтағы даму кемістіктерінің себептерін анықтауға мүмкіндік беретін генетикалық зерттеулер мен перинаталдық диагностика тәсілдері талқыланады, – деді профессор Тулио Ги.

Жоба Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында AYALA қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT