Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраудағы №48 «Келешек» мектебінде педагогтердің тәжірибелік семинары өтті

№48 «Келешек» мектебінде 1-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Балабақша мен мектеп педагогтарының ынтымақтастығы» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайту, педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерді талқылау.

Іс-шара барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, заманауи оқыту әдістерін саралады. Сондай-ақ мектеп пен балабақша арасындағы тиімді ынтымақтастықтың білім беру сапасын арттырудағы маңызы кеңінен сөз болды.

Семинар соңында ұйымдастырушылар тәжірибе алмасуға белсенді қатысқан педагогтерге алғыс білдіріп, алдағы уақытта да мұндай кездесулердің жалғасын табатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT