Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атыраудағы көгалдандырудың ауқымы қандай?

Биылғы көктемгі науқан барысында өңірдің 184,8 гектар аумағына 467,2 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, ірі мұнай-газ кәсіпорындарымен жасалған меморандумдар аясында 351,8 гектар жерге 331 273 ағаш көшеті егілді.

Бұл туралы облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Жантас Оспан мәлім етті.

-Биыл 266 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 75,5 мыңнан астам адам қатысты. 210 сенбілік өткізіліп, 6 542 тонна қоқыс шығарылды, 8 483 аула тазартылды. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарында өткен экологиялық акциялар мен ашық сабақтарға қырық бес мыңнан астам оқушы мен жас эколог қатысты, — деді Ж. Оспан.

Сондай-ақ, өңірде жаңа экопарктер салу, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және жасыл аймақтарды кеңейту бойынша бірқатар жоба іске асырылуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT