Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 177 жүргізуші анықталған

17-25 мамыр аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында 17 мамыр күні сағат 19:55 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызмет атқару кезінде Өркен ықшам ауданында Toyota Prado автокөлігін тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізген.

Медициналық сараптамадан өткізу нәтижесінде 1994 ж.т. жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйде көлік басқарғаны анықталды.

Аталған дерекке байланысты автокөлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бабы бойынша әкімшілік іс-құжаттары жинақталып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында мас күйде көлік басқарған 177 дерек тіркелген. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT