27–29 наурыз аралығында Атырау қаласы аумағында «Қорғау» жүйесін қолдану арқылы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
Іс-шара барысында жалған және қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін пайдалану фактілерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Аталған рейдтік іс-шаралар жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауды, көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес пайдалануды және өз қауіпсіздігіңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.


