
10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған рухани-танымдық «Bes asyl is» бас қосуы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жастарға Абайдың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлы ойшылдың өнегелі өсиеттерін дәріптеу, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру және жас ұрпақты білімге, ғылымға, еңбекке, адамгершілікке үндейтін рухани мұраларымен таныстыру.
Бас қосуға арнайы қонақ ретінде жастарға оқу мәдениетін ақпараттық алаңда насихаттап жүрген Алпамыс Жарылқасынов қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Бас қосу барысында
Абай шығармаларының бүгінгі қоғамдағы маңызы, ақынның қара сөздері мен өлеңдеріндегі адамгершілік, білім, еңбек және елдік идеялар кеңінен сөз болды. Жастар өз ойларын ортаға салып, Абай мұрасының қазіргі жас ұрпақ үшін берер тағылымы жөнінде пікір алмасты. Еркін әрі мазмұнды форматта өткен кездесу қатысушыларға ой салып, рухани ізденіске серпін берді.
Абай Құнанбайұлының мол мұрасы — ұлттың рухани темірқазығы. Ұлы ақынның «толық адам» тұжырымы, білім мен ғылымға үндеген өсиеттері бүгінгі жастар үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Осындай тағылымды кездесулер арқылы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және Абай мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау жұмыстары жалғасын табады. Бас қосудан соң, жастарға арналған «Абайды оқы – ойыңды оят» челленджі Атырау жастарына жолданды.



