Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жас сарбаздар сап түзеді

Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздарын қабылдау басталды. Ақтау қаласынан келген жастар енді әскери өмірге бейімделіп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге кіріспек.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімнің жеке құрамы жас сарбаздарды қарсы алып, оларды орналастыру жұмыстарын жүргізді. Әскери қызметтің алғашқы күнінде жастарға киім-кешек беріліп, оны күтіп ұстау және сақтау тәртібі түсіндірілді. Бұл бастапқы дайындықтың маңызды бөлігі саналады.

1001938174

Күзгі шақырылым аясында әскери бөлімге алдағы уақытта Орал, Ақтөбе және Алматы қалаларынан тағы 150-ге жуық бозбала келеді деп күтілуде. Олар да белгіленген тәртіппен қабылданып, әскери қызмет жағдайына бейімделеді.

Қатардағы жауынгер Мұрат Омаров әскери бөлімдегі алғашқы күндері туралы айтып, сарбаздарды жақсы қарсы алғанын жеткізді.

«Атырау қаласына әскери қызметке келдік. Бізді жақсы қарсы алды. Бірінші күні әскери киімдерімізді алып, оларды қалай киіп, қалай сақтау керектігін үйреніп жатырмыз. Барлығын түсінікті етіп көрсетіп, түсіндіріп жатыр», дейді ол.

Алдағы күндері жас сарбаздар әскери тәртіп пен күн тәртібіне үйреніп, бастапқы әскери даярлық сабақтарына кіріседі. Бұл кезеңде олар әскери қызметтің талаптарын меңгеріп, ұжымдық өмірге бейімделеді.

Майра ЕРҒАЛИ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT