Атырауда өтіп жатқан «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі аясында әуесқой балықшылар арасында балық аулау турнирі ұйымдастырылды.
Додаға Атырау облысымен қатар, көршілес Ақтөбе облысынан және өңір аудандарынан келген 48 әуесқой балықшы қатысуда. Турнирге жалпы саны 14 команда тіркелген. Әр команда құрамында үш балықшыдан бар. Қатысушылар белгіленген уақыт ішінде ең көп және ең ірі балық аулау бойынша бақ сынауда.
Спорттық балық аулау федерациясының президенті Асылбек Жұмағалиевтің айтуынша, турнирдің басты мақсаты – әуесқой балықшылардың басын қосып, спорттық балық аулау мәдениетін дамыту.
– Біздің мақсатымыз – әуесқой балықшыларды біріктіру. Турнир барысында ауланған балықтар тірі күйінде қайтадан суға жіберіледі. Бұл табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған маңызды қағида. Жарыс қорытындысы бойынша ең үлкен және ең көп балық аулаған командалар марапатталады, – деді ол.
Айта кетейік, халықаралық балық фестивалі аясында балық шаруашылығы, Каспий экожүйесі және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Нұргүл Насыр




