Егер дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет.
- Комиссия сізге есептен шығару куәлігін береді. Бұл куәлікті сенімхат арқылы өкіл арқылы алу да мүмкін, нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру немесе телнұсқасын алу мүмкін емес. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтінін ескеру маңызды. Дауыс беру күні өзіңіз болатын учаскеде есептен шығару куәлігін көрсету қажет. Учаскелік комиссия сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. Толық ақпарат алу үшін облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми сайтының «Сайлау» парақшасындағы «РЕФЕРЕНДУМ 2026» бөліміне, сондай-ақ 109 ақпараттық қызметіне немесе Атырау қаласы мен аудан орталықтарындағы әкімдіктердің call-орталығына хабарласуға болады, — дейді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева.


