Ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттары бойынша 12 жоба үздік деп танылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Белсенді әрі шығармашыл жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдауға бағытталған бұл жоба «Жастар ресурстық орталығы» КММ бастамасымен 2024 жылдан бері жүзеге асып келеді.
Алғашқы жылы бес бағыт бойынша 10 грант берілсе, былтыр олардың саны 18-ге жетті. Биыл алты бағыт бойынша 12 жоба жеңімпаз атанып, әрқайсысына 1 миллион теңгеден грант берілді.
– Байқауға 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатысты. Жалпы 200-ге жуық өтінім қабылданып, оның 107-сі іріктеудің екінші кезеңіне өтті. Нәтижесінде үздік 12 жоба жеңімпаз атанды. Енді грант иегерлері өз бастамаларын жүзеге асырып, жастардың ғылыми, әлеуметтік, мәдени және кәсіпкерлік жобаларының дамуына үлес қосады, – деді Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әли Төлеген.



