Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Атырау облысында аумақтық қорғаныс бригадасына белгіленген әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Өңірде әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиындары жыл сайын бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Биыл жиындар 7-16 қыркүйек және 21 қыркүйек-2 қазан аралығында екі кезеңде ұйымдастырылуда.

Бірінші кезең аясында Құрманғазы ауданынан 78 әскери міндетті оқу-жаттығу жиынына шақырылды. Олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік қызметшілер, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары, ветеринар дәрігерлер және басқа да сала өкілдері бар.

Он күн ішінде әскери міндеттілер арнайы дайындықтан өтіп, алған дағдыларын пысықтады. Жиынның қорытынды кезеңінде олар мұнай айдау станциясына шартты диверсанттар тобының шабуылын тойтару бойынша тактикалық эпизодты көрсетті.

Тактикалық оқу-жаттығуға Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан және «Батыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері, сондай-ақ денсаулық сақтау, ішкі саясат және мәдениет басқармаларының өкілдері қатысты.

Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің автомобиль техникасы пайдаланылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жиындар аумақтық қорғаныс бригадасының мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын пысықтауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT