4 маусым күні патрульдік полиция қызметкерлері Ернар Қайржанов пен Нұркен Маратов шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған 2 жасар баланы аудандық ауруханаға дер кезінде жеткізуге көмектесті.
Теміржол өткелінде кезекте тұрған көлік жүргізушісі баланың жарақат алғанын айтып, көмек сұраған. Полицейлер арнайы сигналдық құрылғыларды қосып, баланы әжесімен бірге ауруханаға жедел жеткізді. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында бүлдіршін уақытылы медициналық көмек алды.




