Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 8 іс сотқа жолданды

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық – қылмыс, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бұл туралы Атырау қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Қала прокуратурасы құқық бұзушылықтардың, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстардың алдын алу бағытында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақты түрде үйлестіріп келеді.

Ағымдағы жылы осы санаттағы 8 қылмыстық іс сотқа жолданған. Барлығы бойынша күдіктілерге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Оның ішінде 6 іс бойынша бірінші сатыдағы сот айыптау үкімін шығарып, кінәлілерге қамаққа алу жазасын тағайындады.

Мәселен, Атырау қаласының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына дене жарақаттарын салған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті қамауға алынды. Кейін іс сотқа жолданып, сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған қамаққа алу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, одан жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілген.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесі ерекше бақылауда.

Әрбір тіркелген дерек бойынша заң талаптарының сақталуы, жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты құзырлы орган азаматтарды отбасылық зорлық-зомбылық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT