Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда мүмкіндігі шектеулі азаматтар қалай дауыс береді?

 Республикалық референдум барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың және денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге мәжбүр тұрғындардың құқықтарын қамтамасыз ету – сайлау процесінің маңызды бөлігі.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен нақты реттелген. Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаеваның айтуынша, дауыс беру күні мүгедектігі бар азаматтар, денсаулығына байланысты немесе науқас жанды қарап отырған адамдар референдум учаскесіне келе алмайтын жағдайда, учаскелік референдум комиссиясына алдын ала өтініш береді.

 – Егер азаматтар дауыс беру учаскесіне өздігінен келе алмаса, олардың өтінішіне сәйкес комиссия мүшелері арнайы тасымалданатын жәшікпен үйіне барады. Осылайша әр азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік жасалады, – дейді Ә.Қыстаубаева.

Маңызды талаптардың бірі – үйден дауыс беру туралы өтінішті дауыс беру күні, яғни 15 наурызда сағат 12:00-ге дейін учаскелік комиссияға жеткізу қажет. Көрсетілген уақыттан кеш түскен өтініштер заң талаптарына сәйкес қаралмайды. Айта кету керек, мұндай шаралар азаматтардың тең құқықтылығын қамтамасыз етуге және ешкімнің сайлау процесінен тыс қалмауына бағытталған. Референдум барысында әр тұрғынның пікірі ескеріліп, дауыс беру құқығы толық сақталуы басты назарда болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT