Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда көпқабатты үйлердің аулалары тазартылды

 Атырау қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза аула» сенбілігі өтті.

Шара барысында «Атырау Жарық» ЖШС қызметкерлері Азаттық даңғылы бойындағы №87–95 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазартты. Сенбілік кезінде аумақтар қоқыстан тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар мұндай бастамалардың қала тазалығын сақтауда маңызы зор екенін атап өтті.

– Осындай шаралар қала тазалығын сақтауға үлкен үлес қосады. Сондықтан сенбіліктерге тұрақты қатысуға тырысамын, – деді «Атырау Жарық» ЖШС маманы Нұрғалиев Берік Төлегенұлы.

 Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да акция аясында тазалық акциялары жалғасатынын жеткізді.

 Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT