Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда көлік кептелісін азайтатын Солтүстік айналма жол 2027 жылы аяқталады

Атырауда көлік қозғалысын жеңілдетуге бағытталған Солтүстік айналма жол жобасы 2027 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ұзындығы 27 шақырым болатын жаңа жол транзиттік көліктердің қала ішіне кірмей қозғалуына мүмкіндік береді.

Жоба іске қосылғаннан кейін Атырау арқылы өтетін ауыр жүк көліктерінің бір бөлігі қаланы айналып өтіп, қажетті бағыттарға тікелей қатынайды. Бұл қала көшелеріндегі көлік ағынын азайтып, кептеліс мәселесін шешуге ықпал етеді деп күтілуде.

Солтүстік айналма жол Атырау–Астрахань, Атырау–Орал, Атырау–Индер және Атырау–Доссор бағыттарын өзара байланыстырады. Осылайша, қала сыртында транзиттік қозғалысқа арналған біртұтас көлік бағыты қалыптасады.

Жобаның жүзеге асуы Атыраудың көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі саналады. Әсіресе, ауыр жүк көліктерінің қала орталығына кіруін азайту жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға оң әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT