Атырау қаласында «Әділет» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясында әйелдер марафоны өтеді.
Марафонның мақсаты – әйелдер денсаулығын сақтаудың маңызын насихаттап, сүт безі обырының алдын алу және оны ерте анықтау мәселесіне қоғам назарын аудару.
Күні: 18 қазан, 2026 жыл
Іс-шараның өту уақыты:
Қатысушыларды жинау: сағат 08:00–08:40
Жүгірудің ашылу рәсімі: сағат 08:50
Жүгірудің басталуы: сағат 09:00
Акцияның жабылуы: сағат 10:00
Бағыты: Әлиев көпірінің маңынан Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне дейін.
Қатысушылар: 18-60 жас аралығындағы әйелдер.
Салауатты өмір салтын қолдап, марафонға бірге қатысайық!




