18-22 мамыр күндері аралығында Атырау облысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жазаны өтеу орындарынан босатылған, сот әкімшілік қадағалау белгілеген тұлғаларды бақылау мақсатында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара барысында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, қайта құқықбұзушылыққа жол бермеу және заң талаптарын сақтау бағытында бақылау күшейтілді. Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


