Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда еріктілер 50 түп ағаш отырғызды

Ретро парк саябағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тал отырғызу шарасы өтті. Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – өңірді көгалдандыру, тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару. Бұл бастама аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға және жасыл желек көлемін арттыруға бағытталған. «Азаматтық орталық» КММ басшысы Жанат Досқалиеваның айтуынша, мұндай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

– Басты мақсатымыз – тұрғындарды табиғатты қорғауға шақыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді ол.

Шараға Атырау облысында тіркелген үкіметтік емес ұйым өкілдері мен еріктілер қатысты. Қатысушылар саябақ аумағында 50 түп ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Күміс волонтер Гүлжан Хиту мұндай сенбіліктерге үнемі қатысатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT