Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда екі ірі салалық көрме өтеді — Atyrau Oil&Gas 2026 және AtyrauBuild 2026

8–10 сәуір аралығында Атырауда мұнай-газ, мұнай-химия және құрылыс саласының өкілдері бас қосып, озық технологияларды таныстырып, тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстар орнатады.

Биыл көрмеге Қазақстан, Германия, Қытай, АҚШ және басқа да елдерден 9 мемлекеттен 85 компания қатысады. Қатысушылардың шамамен 40%-ы өз өнімдері мен шешімдерін алғаш рет ұсынады, бұл өңірге деген қызығушылықтың артып отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ ірі габаритті техника мен жабдықтар қойылатын ашық алаң ұйымдастырылады.

Іс-шараның маңызды бөлігі — мазмұнды іскерлік бағдарлама. 8 сәуір күні Каспий өңірін индустриялық хаб ретінде дамыту мәселелері талқыланатын пленарлық сессия өтеді, сондай-ақ саланың цифрлық трансформациясы қарастырылады. 9 сәуірде арнайы экономикалық аймақтардың рөлі мен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланып, заманауи технологиялық шешімдер таныстырылады.

10 сәуір күні қатысушылар «ҰИМТ» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындарға өндірістік экскурсияларға қатысып, өңірдің өндірістік әлеуетімен таныса алады.

Аталған көрмелер дәстүрлі түрде жаңа серіктестіктер орнатуға және Қазақстан мен жалпы Каспий өңірінің мұнай-газ және құрылыс салаларын дамытуға бағытталған стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және салалық қауымдастықтардың қолдауымен өтеді. Бас серіктес — «Теңізшевройл», алтын серіктес — Каспий Құбыр Консорциумы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT