Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда бір күнде мас күйінде көлік басқарған 5 жүргізуші жауапқа тартылды

 

 
 
(0 Votes)

Атырауда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етуде.

Мәселен, 9 тамыз күні Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында Chevrolet Cobalt және Hyundai Elantra маркалы автокөліктер тоқтатылды.

Тексеру барысында олардың жүргізушілері бұған дейін сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

 Сонымен қатар, Т. Амандосов көшесі мен Береке ықшам ауданында Lada, Kia Soul және Chery Tiggo маркалы автокөліктердің жүргізушілері тоқтатылып, олардың да алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны белгілі болды. Аталған деректер бойынша құқық бұзушылар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін мамандандырылған сотқа жолданды. 

 Полиция жол қозғалысына қатысушыларға көлік құралын алкогольдік немесе өзге де масаң күйде басқару адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жол ережесін сақтау – өзіңіздің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау.

Мас күйде көлік жүргізбеңіз! 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT