Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда BINOM MARATHON марафонына 3 мың адам қатысты

11 қазанда Атырауда BINOM SCHOOL мектептер желісінің ұйымдастыруымен BINOM MARATHON 2026 бұқаралық марафоны өтті. Қалада алғаш рет ұйымдастырылған спорттық шараға 3 мың адам қатысып, оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды біріктірді.

Марафонға қатысушылар 400 метр, 1, 3, 5 және 10 шақырым қашықтықтарда жүгірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және балалардың спортқа қызығушылығын арттыру.

BINOM SCHOOL аймақтық кеңсе директоры Дастан Мұхтардың сөзінше, марафон мектеп қауымдастығының бірлігін нығайтып, балаларға спорттың маңызын іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді.

«Оқушы, ата-ана және ұстаз бір сапта жүгіргенде, олардың арасындағы байланыс нығайып, ортақ мақсатқа деген ұмтылыс артады. Біздің мақсатымыз – білімді ғана емес, дені сау, белсенді әрі өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеу. BINOM MARATHON алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады деп сенемін», – деді ол.

Шара соңында барлық қатысушыға естелік медаль табысталды. Ал өз қашықтықтарында үздік нәтиже көрсеткен жүгірушілер марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы құрмет көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, BINOM MARATHON алдағы уақытта да жалғасып, мектеп қауымдастығы арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT