2 қыркүйек күні сағат 11:39 шамасында З. Қабдолов көшесі бойында бейнебақылау камерасы арқылы Granta маркалы автокөліктің жүргізушісі мас күйде көлік басқарып келе жатқаны анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері бағыттама бойынша жедел жетіп, аталған автокөлікті тоқтатты.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің ауыр дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы мас күйде көлік басқарған 90-ға жуық жүргізуші анықталып, тиісті шаралар қабылданды.
Полиция жүргізушілерге мас күйде көлік басқару адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.
Жолға шықпас бұрын жауапкершілікті ұмытпай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар!



