Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда балабақшаға ваучер арқылы қабылдау 1 шілдеден басталады

 Қабылдау «Индиго» ақпараттық платформасы арқылы жүзеге асады. Қазір балабақша кезегінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі 5 мыңға жуық бала тіркелген,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыстың жеті ауданындағы 110 балабақша жаңа жүйе бойынша жұмыс істеуде. Олардың 104-і мемлекеттік, 6-уы жекеменшік. Ал Атырау қаласында ваучерлік қаржыландыру жүйесіне 47 мемлекеттік және 124 жекеменшік балабақша қосылған.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба былтыр енгізілді. Ал биыл наурыз айынан бастап «Ақша баланың соңынан ереді» қағидаты негізінде жоба облыстың барлық аудандарында толық іске қосылды. Бұл өз кезегінде білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікті арттырып, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Гүлсім Гильманова.

 Жоба аясында мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар бірыңғай қаржыландыру тетігімен жұмыс істейді. Ваучерлік жүйенің басты ерекшелігі – мемлекеттік тапсырыстың балабақшаға емес, тікелей балаға берілуі. Осы арқылы ата-аналар өздеріне ыңғайлы балабақшаны таңдап, ваучерді сол ұйымға бағыттай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT