Қазіргі уақытта Атырау облысы аумағында діни радикализация тәуекелі жоғары аймақтарда ерте алдын алу жұмыстарын күшейту, радикализацияның бастапқы белгілерін ерте тану, тұрғындарды қауіпсіз көмек арналарына бағыттау мақсатында «Қолдау әрдайым қасыңда» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында радикалды белгілер байқалған жағдайда сауалдарға жауап беретін анонимді «Qoldau_kasynda_bot» жұмыс істеп, өңір тұрғындарына ақпараттық әрі консультациялық көмек ұсынылуда.
Қазіргі таңда Telegram-бот арқылы тұрғындар тарапынан сауалдар келіп түсуде. Барлық сауалдарға мамандар тарапынан түсіндірмелі әрі бағыттаушы жауаптар берілуде. Бұл өз кезегінде халықтың діни сауаттылығын арттыруға, күмәнді ақпаратты дер кезінде ажыратуға және радикалды идеологиялардың алдын алуға ықпал етеді.
Жобаның негізгі мақсатының бірі – облыс аумағында радикализация тәуекелін төмендетуге жағдай жасау, азаматтардың, соның ішінде ата-аналардың ерте кезеңде көмекке жүгіну мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз ақпараттық орта құру. Сонымен қатар, жоба тұрғындардың діни мәселелер бойынша ашық әрі қауіпсіз түрде кеңес алуына мүмкіндік беріп, қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтуға бағытталған.



