Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда алпыстан астам мас жүргізуші анықталған

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен мас күйде көлік жүргізудің алпыстан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жедел басқару орталығының басты міндеті – бейнебақылау камералары арқылы қала аумағын үздіксіз қадағалау, күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтап, патрульдік полиция инспекторларына жедел ақпарат беру. Мұндағы әр полицей жоғары қырағылықпен жұмыс атқарады.

Жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі полиция капитаны Наурызбек Ұзақбаев та осындай жауапты қызметтің алдыңғы шебінде. Ол тәуліктік кезекшілік барысында камералар арқылы қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті бақылайды. Кезекті қызмет кезінде тәртіп сақшысы Орталық көпірде күдік тудырған Hyundai маркалы автокөлікті байқайды. Көлік қозғалысы сенімсіз көрінгендіктен, ол бірден патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Жедел әрекет нәтижесінде аталған көлік тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің мас күйде екені анықталды. Аталған құқықбұзушылық бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды.

Уақытылы байқалған бір ғана күмәнді әрекет ауыр жол-көлік оқиғасының алдын алуы мүмкін еді. Наурызбектің айтуынша, олардың басты мақсаты – құқықбұзушылықты анықтау ғана емес, оның алдын алу.

Айта кетейік, жыл басынан бері мас күйде көлік жүргізу және көлікті мас адамға беру дерегі бойынша алпыстан астам дерек анықталды.

Әрбір дер кезінде берілген бағыттама – бір адамның өмірін сақтап қалуға себеп болуы ықтимал.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT