10 тамыз – Абай күні. Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы әрі қоғам ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды.
Осыған орай Атырауда ұлы тұлғаның рухына тағзым етіліп, Абай ескерткіші алдына гүл шоқтары қойылды.
Тағылымды шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының мамандары, ұстаздар мен жастар қатысты.
Іс-шара барысында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры актерлерінің қатысуымен Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған театрландырылған поэтикалық пролог ұсынылды.

Әдеби-сазды кеште ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды.
Абайдың шығармашылығы – қазақтың жазба әдебиеті мен ұлттық мәдениетінің алтын арқауы. Оның білім, ғылым, еңбек, адамгершілік пен әділет туралы ойлары бүгінгі ұрпақ үшін де өзекті.
Абай мұрасы – ұлт руханиятының алтын қазығы, ұрпаққа қалдырылған мәңгілік аманат.
#АбайКүні #АбайМұрасы #Абай #Атырау #АбайМұрасыҰлтҚазынасы



