Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 50 жеміс ағашы отырғызылды

Атырауда «Бұл менің ағашым» экологиялық акциясы өтті. 7 қазанда еріктілер «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылының аумағына 50 жеміс ағашын отырғызды.

Акция «Біз таңдаған жол» жобасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Еріктілер алма, алмұрт және өрік көшеттерін отырғызып, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарына да қатысты.

Игі іске әр жастағы белсенділер атсалысты. Жастармен бірге 50 жастан асқан күміс волонтерлер де жұмыс істеді.

КММ «Азаматтық орталықтың» ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әсемгүл Асхатқызының айтуынша, мұндай экологиялық шаралар жыл бойы ұйымдастырылып келеді.

— Бүгін 50 жеміс ағашын отырғыздық. Бұл жыл басынан бері өткізіліп отырған кезекті экологиялық акциямыз. Біз үшін әр буын өкілдерін пайдалы іске біріктіру маңызды. Алдағы уақытта да ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз, — деді ол.

Шараға «Сармат» мамандандырылған әскери мектеп-лицей-интернатының еріктілері де қатысты. Оқушы Нүркен Буранбай мұндай бастамаларға жастардың қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.

— Осындай шараларға қатысып, қоршаған ортаға пайдалы іс жасау біз үшін маңызды. Алдағы уақытта да экологиялық акцияларға қатысып, қажет жерде көмектесуге дайынбыз, — деді ол.

Акцияны Атырау облысының ішкі саясат басқармасына қарасты Азаматтық орталық пен Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT