
Өңірде Кеңес беру орталығы жыл басынан бері 2575 адамға тегін құқықтық көмек көрсетті. Олар азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасы, қаржылық, жер, экологиялық және қылмыстық іс жүргізу салалары бойынша кеңес алды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жыл басынан бері орталық заңгерлері 455 адамды қабылдады. Оның 343-і орталыққа жеке келсе, 112 тұрғын онлайн түрде жүгінген. Сонымен қатар «Ашық есік» күні аясында 783 адамға құқықтық кеңес берілді.
Жоба аясында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірлескен жұмыстар да жүргізілуде. Нәтижесінде ажырасуға шешім қабылдаған 542 жұптың 113-і татуласып, оның 20-сы медиативтік келісімге келген.




