Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігі хабарлады. Мәліметке сәйкес, аталған күні қаладағы автобустармен жүру ақысы алынбайды.
«15 наурыз күні Атырау қаласында қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады. Бұл шешім тұрғындардың референдум учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне және қала ішінде еркін қатынауына жағдай жасау мақсатында қабылданды. Автобустар әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді», — делінген әкімдік хабарламасында.
Яғни, бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады.


