Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 1200 орындық мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр

 

 
 
(0 Votes)

 

Атырау қаласында заманауи концерт залы мен музейді қамтитын ірі мәдени нысанның құрылысы қарқын алды. Былтыр іргетасы қаланған нысанда бүгінде инженерлік желілер тартылып, ғимараттың қабаттары тұрғызылуда. Құрылыс алаңына 100-ге жуық маман жұмылдырылған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазір облыс орталығында мамандандырылған концерт залы жоқ. Бұл жаңа мәдени нысанға деген қажеттілікті арттырып отыр. Кешенде концерттермен қатар, салтанатты іс-шаралар, ресми кездесулер, көрмелер мен конференциялар өткізу жоспарланған.

Осы арқылы жоба өңір тұрғындары үшін заманауи мәдени кеңістік қалыптастыруды көздейді.

-Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Нысанды 2028 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. Ғимараттың жалпы аумағы – 38 мың шаршы метр, – деді Атырау облысы Құрылыс басқармасының бөлім басшысы Алтынбек Қуанғали.

Нысанның бас мердігері – «ASPAN HOLDINGS» ЖШС. Техникалық қадағалауды «Строй Проф» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Engineering Center LTD» ЖШС жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT