Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау жастарына арналған экотренинг өтті

Атырауда JerEcoHub жобасы аясында экологиялық сауаттылыққа арналған үшінші білім беру тренингі өтті.

Оған «Хакатон 3.0» бағытының екінші кезеңіне өткен командалар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдануға болатын қарапайым экологиялық әдеттердің маңызын түсіндіру.

 Тренингтің спикері ретінде Алматы қаласынан арнайы шақырылған сарапшы – экоактивист, Recycle BIRGE экологиялық қозғалысының SMM-менеджері және экологиялық жобалардың үйлестірушісі Перизат Көмекбаева сөз сөйледі. Ол Қазақстандағы экологиялық ахуал, қалдықтарды бөлек жинау қағидалары, Zero Waste тұжырымдамасы, саналы тұтыну мәдениеті туралы айтып, әлеуметтік желілерді экологиялық бастамаларды насихаттауда тиімді пайдалану жолдарын түсіндірді. Тренинг барысында практикалық тәжірибеге ерекше назар аударылды. Қатысушылар экологиялық қауымдастықтар құру, жобаларды әзірлеу және адамдарды нақты әрекетке ынталандыратын контент дайындау тәсілдерімен танысты.

 «Экология ауқымды реформалардан емес, әр адамның күнделікті қабылдайтын шешімдерінен басталады. Артық пластиктен бас тарту, қалдықтарды сұрыптау немесе әлеуметтік желіде экологиялық мазмұндағы пайдалы контент жариялау сияқты бір ғана саналы қадамның өзі үлкен өзгерістерге жол аша алады. Бүгінде экология туралы білу ғана емес, өз үлгің арқылы өзгелерді де шабыттандыру маңызды», – деді тренер Перизат Көмекбаева.

 Тренинг барысында алынған білім қатысушыларға JerEcoHub аясындағы өз экологиялық жобаларын жетілдіруге, олардың практикалық маңызын арттыруға және байқаудың келесі кезеңдеріне сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Тренинг «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT