Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау жастары әскери борышын өтеуге жол тартты

Атырау облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны қарқынды түрде жалғасып жатыр. Биыл өңірден 18-27 жас аралығындағы 700-ге жуық азаматты әскери қызметке жіберу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 400-ге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.

Жас сарбаздар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Қарулы күштер, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұлан бөлімдерінде қызмет етеді.

Ақтөбе қаласына әскерге аттанғалы отырған сарбаз Ғаділет Нұрланұлы әскери қызметке үлкен жауапкершілікпен қарап отырғанын айтады.

«Әскерге бару - әр азаматтың міндеті. Бұл жерде адам шыңдалып, тәртіпке үйренеді деп ойлаймын. Өз еркіммен барып жатырмын. Жаңа орта көріп, нағыз азамат болып оралғым келеді. Отбасым да қолдау білдіріп отыр.», -дейді жас сарбаз.

Мамандардың айтуынша, көктемгі әскерге шақыру науқаны белгіленген жоспарға сәйкес жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT