Құлсары қаласының Атырау ықшам ауданында жаңа спорт алаңының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба “Таза Қазақстан” акциясы аясында жүзеге асуда.
Аталған жобаны ЖК “Тәуекел” жүзеге асыруда. Жоба аясында аумақта футбол алаңы, воркаут аймағы және балаларға арналған ойын алаңы салынатын болады.
Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында алаң аумағына төсемтас төселіп, орындықтар орнатылып, жарықтандыру жүйесі жүргізіледі.


