Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау тұрғыны: Конституцияның 37-бабы — экологиялық міндет

Конституцияның 37-бабында азаматтардың табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті екені, ал мемлекеттің адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні көрсетілген.

Мен бұл бапты тек экологиялық міндет ретінде емес, ұлттың болашағына деген қамқорлық ретінде қабылдаймын.

Табиғатты қорғау үлкен жобалардан ғана басталмайды. Суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ортақ экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Ал мемлекет деңгейінде бұл қағидат экологиялық технологияларды дамытуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және келешек ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға негіз болады.

Меніңше, табиғатты қорғаудың ең үлкен нәтижесі – бүгінгі азаматтың да, ертеңгі ұрпақтың да таза ортада өмір сүру мүмкіндігі.

Ақкүн Сембаева,

Атырау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT