Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды

Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында өңірде 2167 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған, деп хабарлайды AtyrauPress.

Бүгінде жоспардың 54%-ы орындалып, 1163 педагог арнайы курстардан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Өрлеу» кәсіби даму институты директорының орынбасары Балауса Жалмұханова мәлім етті.
Педагогтер пәндік білім, инклюзивті білім беру, жасанды интеллектті қолдану және білім беру менеджменті бағыттары бойынша біліктіліктерін арттыруда.

Сонымен қатар өңірде республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының облыстық кезеңі жалғасуда. Қазір байқауға Атырау облысынан 200-ге жуық педагог өз жұмыстарын ұсынған.

– Байқаудың мақсаты – педагогтердің үздік тәжірибелері мен авторлық әдістемелерін анықтап, оларды кеңінен тарату. Бұл мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндік береді, – деді Балауса Жалмұханова.

Сонымен қатар педагогтердің ғылыми-әдістемелік ізденістерін қолдау мақсатында институттың «Ғылыми-әдістемелік хабаршы» журналы тұрақты түрде жарық көреді. 2013 жылдан бері шығарылып келе жатқан басылым 2022 жылдан бастап толықтай электронды форматқа көшірілген. Журналда жарияланған мақалалар мен әдістемелік жұмыстар педагогтердің аттестаттаудан өту кезінде ресми түрде есепке алынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT