Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облысында 42 заңсыз қоқыс орны анықталды

Өткен аптада облыс әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық бақылау нәтижелері қаралды. Жиында облыс бойынша анықталған заңсыз қоқыс орындары мен оларды жою жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Жыл басынан бері жүргізілген рейдтер барысында 42 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 30-дан астамы жойылған.
Бұдан бөлек, ғарыштан түсірілген суреттер арқылы облыс аумағында қалдықтар төгілген 15 заңсыз орын тіркелген.

Оның сегізі толық тазаланған.
Заңсыз қоқыс төгуге жол берген және аумақтарды уақытында жинамаған жауапты тұлғаларға жалпы 648 750 теңге айыппұл салынған.
Облыс әкімі заңсыз қоқыс алаңдарын уақытында жоюды және экологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Майра ЕРҒАЛИ

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT