Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің IX есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, «Ардагер ұйымы» орталық кеңесі төрағасының орынбасары Абай Тасболатов және кеңес мүшелері қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Конференцияда соңғы бес жылдағы жұмыстардың есебі тыңдалып, жаңа құрам сайланды. Ардагерлердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Мұрат Өтешов облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды. Есепті кезеңде Кеңес өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, ардагерлерді әлеуметтік қолдау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытында жұмыс жүргізді.

Осы уақыт ішінде 16 төралқа отырысы мен 8 пленум өткізіліп, бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ түрлі салаларды қамтитын 14 ардагерлер ұйымы құрылған. Қазір облыста 264 бастауыш ұйым жұмыс істеп, 63 мыңнан астам ардагерді біріктіреді. Кеңес құрамында тыл еңбеккерлері, сондай-ақ Ауған, Тәжік соғыстары мен Чернобыль және Семей апаттарының зардабын жоюға қатысқан азаматтар бар. Конференция соңында қатысушылар алдағы жұмысқа қатысты ұсыныстарын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT