Шараның басты тақырыбы — «Қауіпсіз жаз – жарқын демалыс: бала қауіпсіздігі және ата-ана жауапкершілігі» деп аталды. Жиналыстың негізгі мақсаты — жазғы демалыс кезінде студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтау.
Күрделі мәселелерді жан-жақты талқылау үшін жиынға арнайы құзыретті мамандар шақырылды.
Қала прокуратурасының бөлім прокуроры Маратова Гаухар Ғалымжанқызы

Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық тұрмыстық зорлық–зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айтжанова Райса Зинелғабиденқызы
Атырау облысы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Бердигожиева Салима Жанафиевна

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің инженері Азим Шерхан Гарифуллаевич және Апаттар медицинасы орталығының (ЦМК) қызметкерлері
Атырау облысының Дін істері басқармасы «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының теолог маманы Жарқымбаев Нұрлан Дүйсенбекұлы
Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының Атырау қаласының жастарымен жұмысты үйлестіру бөлімінің басшысы Арыстанова Гулназ Рустемқызы.
Жиынды ашқан колледж директоры Ж.Қ. Ниталиев ата-аналарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, алдағы емтихандарда студенттерге сәттілік тіледі.
Директор өз сөзінде колледжде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол берілмейтінін және емтихандардың «Парассыз сессия» қағидатымен, тек шынайы білім негізінде, таза әрі әділ өтетінін қатаң ескертті.

Басқосу барысында шақырылған мамандар студенттер арасындағы буллингтің алдын алу, түнгі уақытта (23:00-ден кейін) ата-анасыз көшеде жүрмеу заңдылықтарын түсіндірді. Жазғы маусымдағы жол қауіпсіздігі, мопед пен самокат айдау ережелері, су айдындарының рұқсат етілмеген қауіпті жерлеріне шомылмау және алғашқы медициналық көмек көрсету жолдары нақты көрсетілді.




