Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау қаласына қарасты Алмалы ауылдық округінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

Атырау қаласына қарасты Алмалы ауылдық округінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Кездесу барысында тұрғындар құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау саласы және жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Әсіресе жұмыссыздық, коммуналдық қызметтер, спорт нысандарының тапшылығы, маса мен бытықана мәселелері көтерілді.
Қала прокуроры Мерген Меңдіғалиевтің айтуынша, биыл тұрғындардан 1500-ге жуық арыз-шағым түскен. Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарына қатысты.
Акция аясында тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелердің өкілдері нақты жауаптар берді.
Сондай-ақ, жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша сенбілік өтті. Оған қала тазалығына жауапты мекемелер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары жұмылдырылды.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT