Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді

 Astana Half Marathon жарысы барысында қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында плоггинг өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Плоггинг – жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық акция. Қатысушылар жарыс кезінде марафон бағыты бойындағы пластик бөтелкелер мен өзге де қоқыстарды жинады.

 «Мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Марафон барысында көптеген қатысушы мен қала тұрғындары бастаманы белсенді қолдап, акцияға қосылуға тырысты», – деді қатысушылардың бірі.

Сонымен қатар Astana Half Marathon аясында қоқыстарды бөлек жинауға арналған арнайы пунктер, пластикті қайта өңдеу аймақтары және «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT