Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АРША, ШЫРША, АҚ ҚАЙЫҢ

«АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН» ДЕМЕКШІ, АҚҚАЛА ОРТА МЕКТЕБІН 1992, 1996, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003, 2014, 2015, 2016, 2021 ЖЫЛДАРЫ БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР БІЛІМ ОРДА­СЫНА АРША, АҚ ҚАЙЫҢ, ШЫРША, ШЫНАР, ҮЙЕҢКІ, ПІЛҚҰЛАҚ, ҚЫЗЫЛ ТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫП, КЕРЕМЕТ СЫЙ ЖАСАДЫ. МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ДЕ ӨЗ ТАРАПТАРЫНАН 5 ТҮП АРША, 5 ТҮП ҚАЙЫҢ АҒАШЫН ЕКТІ. ОСЫЛАЙША ЕГІЛГЕН ТАЛДАР САНЫ 30-ДАН АСТЫ. АЛ 2000 ЖЫЛЫ БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР 200 МЕТР СУ ҚҰБЫРЫН ТАР­ТЫП БЕРДІ. 

Түлектер ұстаздарымен бірге көшеттерді егіп, оларды күтіп-баптау туралы ойларымен бөлісті.

Ағаш отырғызу – болашаққа қалдырылған игі мұра. Сондықтан бұл акция мектеп тарихындағы маңызды әрі тәрбиелік мәні зор іс- шаралардың бірі. Түлектердің бұл тартуы ұзақ жылдар бойы өсіп- өркендеп, олардың туған мектепке деген құрметінің белгісі болып қала бермек.

Мектеп әкімшілігі түлектерге алғысын білдіріп, бұл бастаманың алдағы жылдары да жалғасатынына сенім білдірді. Осындай игі істер арқылы мектеп пен түлектер арасындағы байланыс нығайып, қоршаған ортаға қамқорлық жасау дәстүрге айналмақ.

Г.ЕСҚАЛИЕВА,

мұғалім,

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT