Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Алматының нәзік жандары қала тұрғындарын референдумға шақырды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай қала тұрғындары, әйелдер қауымы алматылықтарға үндеу жасап, алдағы референдумға қатысуға шақырды. 


Бейнероликте қоғам қайраткерлері, педагогтер, кәсіпкерлер, дәрігерлер және белсенді қала тұрғындары секілді түрлі сала өкілдері тұрғындарды көктем мерекесімен құттықтап, азаматтық жауапкершіліктің маңызын атап өтеді. Олардың айтуынша, референдумға қатысу – өз ұстанымыңды білдіріп, ел болашағына үлес қосудың бір мүмкіндігі.

Роликке қатысушылар Алматы қаласы әрдайым белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленетінін, ал тұрғындардың бейжай қарамауы қаланың әрі елдің дамуына ықпал ететінін атап өтеді.

Өз үндеулерінде олар алматылықтарды белсенділік танытып, маңызды қоғамдық шараға қатысуға шақырады.

Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Конституция бойынша референдум өтеді. Бұл күні тұрғындар дауыс беруге қатысып, маңызды мемлекеттік мәселе бойынша өз таңдауын жасай алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT